Оқушыларға ақпарат
Мектептегі оқушылардың сабақтарға қатысуы және сыртқы келбетке қойылған талаптар
1. Оқушы жолдан абайлап өтіп, жол жүру ережелерін ұстануы қажет.
2. Қоғамдық көлікте оқушы тәртіп ережелерін және тиісінше қауіпсіздік шарасын сақтауы қажет.
3. Оқушы мектепке сабақ басталуына 15-20 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс.
4. Сыртқы киімді оқушылар гардеробта шешеді.
5. Сыртқы киімнің қалталарында ақша, кілттер, жол жүру билеттері, басқа да құнды заттардың болуына тыйым салынған.
6. Оқушы мектепте ұқыпты және шамданбаған шаш үлгісін ұстанып, өзімен таза қол орамалы мен тарақ болуы қажет.
7. Оқушы жеке гигиенаны сақтауы қажет. Оқушы сыр келбеті жайында гардеробтан шыққан кезде кезекші мұғалім немесе әкімші бағалап, нағыз ережелерге сәйкес талаптар қояды.
8. Сабақтан қалып қойған оқушыларды кезекші әкімші немесе мұғалім тіркеп, күнделікке қалып қойғаны жайында жазады. Қалып қойған оқушылар тек кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады.
9. Жүйелі түрде сабақтан қалатын оқушылар мектеп әкімшілігіне түсіндіру үшін шақырылады.
10. Оқушыларды сабақтан жіберу мек мұғалімнің келісімімен мектеп директоры немесе кезекші мұғалімінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
11. Оқушылардың оқу кезінде мектептен шығуы тек сынып жетекшінің немесе кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен жүзеге асырылады.
12. Бөтен тұлғалардың мектепте болуы тек мектеп күзеті мен кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана бола алады.
13. Сыныптан тыс шаралар жоспарланбаса, сабақтар аяқталған кезде оқушылар 20 минуттан кейін мектептен кетулері тиіс.
14. Оқушы сабақтан қалса, сынып жетекшіге медициналық анықтама немесе ата-анасының түсініктемесін тапсыруы қажет.
15. Оқушы себепсіз 3 күн сабақта болмаса, онда ол тек мектеп директоры атына ата-анасының жазба түсініктемесі негізінде ғана сабаққа келе алады.
16. Егер де мұғаліммен басқа келісімі болмаса оқушы босатқан сабақтарды барлығын бір аптаның ішінде өздігінен меңгеруіне жауапты.
17. Оқушы сабақты босатса да мұғалімге босатқан сабағының есебін тапсырады және үй жұмысын орындайды.
18. Оқушыны сабақтан босату үшін ата-ананың бірі мектеп директоры атына (3 күннен кем емес) өтініш білдіруі қажет. Осы кезде сабақтан қалған уақытты компенсациялау қажет, ол не өздік жұмысын жасап, не болмаса мұғалімменқалған уақыттан бұрын немесе одан кейін қосымша сабаққа баруы тиіс. Босатқан сабақтар үшін оқушы тиісінше бақылау жұмыстарын орындайды.
Оқушылардың сабақтағы тәртібі
1. Оқушылар міндетті түрде сабаққа үй тапсырмасын орындап алып келеді.
2. Мұғалім сыныпқа кірген уақытта оқушылар тұрып амандасады.
3. Мұғалім оқушыны жауап беруге шақырған кезде, ол тақта алдына шығып, баға қою үшін мұғалім алдына күнделігін беруі міндетті.
4. Мұғалім ғана орнынан тұрмай жауап беруге рұқсатын бере алады.
5. Оқушы жауап берген кезде қатты дауысын шығарып, түсінікті, асықпай, өз ойын дұрыс жеткізуіне тырысуы қажет.
6. Сабақ кезінде көшіру және сыбырлар айтуға болмайды, ол оқу материалын дұрыс меңгеруіне бөгет болады.
7. Жауап беремін деген оқушылар қолын көтерулері міндетті. Басқа қылықтармен өзіне назар аудартуға болмайды.
8. Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдап, шуламай, сөйлемей, басқа нәрселермен айналыспай, бөгет жасамаулары тиіс.
9. Сабақ барысын бұзған әрекет дөрекі тәртіп бұзушылыққа жатады. Оған кінәлілер мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жазаға ұшырайды.
10. Өз әректімен сабаққа бөгет жасайтын оқушыны мұғалім сәйкесінше жұмыс өткізу үшін кезекші әкімшіге жібереді. Мектеп әкімшілігіне міндетті түрде барулары тиіс.
11. Оқушылар мұғалім ескерту жасағанда уақытылы және тәнік әсер етуі қажет.
12. Сабақтан өз еркімен кетуге тыйым салынған. Сыныптан шығуға тек қана мұғалім рұқсат бере алады, оның өзі сабақ басталғаннан кейін 20 минут өткен соң, бірақ қоңырауға бес минут қалғанда емес.
13. Оқушылар белгіленген кабинеттерде Еңбек қорғау ережелерін біліп, сақтаулары тиіс.
14. Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне толық әрі түсінікті етіп жазулары тиіс.
15. Өз денсаулығын сақтау мақсатында партадағы өзінің отырысына, бас еңкішіне назар аударуы тиіс.
16. Ауыздағы сағыз – дөрекі әдеттің белгісі, сабақ кезінде оны қолдануға болмайды.
17. Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіреді.
Оқушылардың қоңыраудағы тәртібі
1. Кабинетті желдету үшін оқушылар үзіліс кезінде дәлізге шығулары тиіс.
2. Оқушылар мектептегі тәртіпті сақтау бойынша өз міндетін атқаратын кезекші мұғалімдерінің, мектеп бойынша кезекшілерінің және мектеп қызметкерлерінің талаптарына бағынуы тиіс (кезекшілік ережесін қарау).
3. Жарақатқа және мүлікті бұзуға әкелетін, сонымен қатар басқаларға демалуға бөгет жасайтын әрекеттер жасауға болмайды.
4. Оқушы үзіліс кезінде өз жұмыс орнын тазалап, сыныптан шығып кетуі тиіс.
5. Сынып бойынша кезекші мұғалімге келесі сабаққа кабинетті дайындайды.
6. Оқушыларға үзіліс кезінде баспалдақтар мен қабаттарда жүгіруге болмайды; еденде және терезе алды тақтайына отыруға болмайды.
Оқушылардың оқу құжаттары
1. Әрбір оқушы сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қажетті заттарды алып келуі тиіс, оқушы күнделігін мұғалім сұраған кезде міндетті түрде беруі тиіс.
2. Оқушы оқу аптасы аяқталған кезде ата-анасына қол қою үшін беруі тиіс.
3. Күнделікке жазылған қорытынды бағалары мен ескертулерін сол күні ата-анасына қол қоюға беруі тиіс.
4. Күнделікте жазылған бағаларды немесе ескертулерді өзгертіп, өшіруге, сонымен қатар одан беттерді жыртуға үзілді-кесілді болмайды.